Bek Air жеңілді

Алматыда Түрксіб аудандық соты ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің «Bek Air» АҚ әуе компаниясының тоқтатылған рейстерінің билеттерін қайтару туралы арызын қанағаттандырды.

Алматы, NEGE. Комитет 535 адамның 33,8 млн теңгесін даулаған болатын.

Бір күн бұрын болған сот отырысында прокурор әуе компаниясынан тұтунышының еркінен тыс ұшпай қалған рейс билеттерінің құнын қайтару туралы сұраған болатын.

Бұл - комитеттің әуе компаниясына қатысты беріп отырған үшінші арызы.

Айта кету керек, 16-26 қазанда апелляциялық коллегия «Bek Air» компаниясының шағымын қанағаттандырусыз қалдырған еді.

Осылайша екінші, үшінші шағымдар заңды күшіне енді. Енді қаражатты қайтару «ҚР Атқару өндірісі мен сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылады. «Bek Air» әуе компаниясының жұмысына байланысты шағымдардың толастамауына орай комитет тағы да төртінші рет сотқа жүгінуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында өлтірілген отбасы ісі: қылмыс қашан және қалай жасалғаны айтылды

Алматы полициясы қоғамдық орында бетін тұмшалап жүргендерге ескерту жасады

Алматылықтар Розыбакиев көшесін Шахановтың атына өзгертуді сұрап петиция жариялады

Әскерден жалтарып жүргендерге уақытша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін