Bek Air ұшу кодынан айырылды

Әуе транспортының халықаралық ассоцияциясы (IATA) халықаралық әуе қатынастарында айқындайтын заңды құзыреті – әуе кодын қазақстандық Bek Air әуе компаниясынан қайтарып алды. Бұл жөнінде «ҚазИнформ» халықаралық агенттігі ақпарат таратып отыр.

Алматы, NEGE. «Біз сіздердің компанияларыңыз ІАТА нақтылаған 762 резолюция бойынша тәжірибелік талаптарға сай болмауы себепті бұдан былайғы жерде аталмыш кодқа иелік ету құқығына ие емес екендіктеріңізді хабардар етеміз» делінген, ассоцияцияның арнайы хатында. Аталмыш ресми хат әуе компаниясының сайтында жарияланды.

Мұндай әуе коды IATA жүйесі мен ресми сайттарында жылына екі мәрте жария етіліп тұрады. Халықаралық әуе рейстерін жүргізетін арнайы код Bek Air компаниясына қазіргі мәселені толық шешкеннен соң және арнайы тексерістерден кейін ғана берілетін болады. Әзірге, мұндай ескерту алған әуе компаниялары тек ұшу құқығынан ғана емес, өзінің де, өзгенің де билеттерін сату құқығынан уақытша айырылады.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды