Бек Нұрмағанбет АҚШ-тағы кездесуінде қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді

Бүгін, 26 қазанда қзақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет (13-0, 11 КО) АҚШ-та өткен жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бұл туралы kaz.nur.kz жазды.

Sarah Stier/Getty Images

Алматы, NEGE. Бек Нұрмағанбет АҚШ-тың Сан-Хасинто қаласында (Калифорния штаты) өткен бокс кешінде сынға түсті. Оның қарсыласы мексикалық Хоакин Мурриета Лусио (13-4-3, 11 КО) болды.

Кездесу сегіз раундқа жоспарланған еді, бірақ екінші раундта Бек Нұрмағанбет қарсыласын нокаутқа түсіріп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

 Айта кетейік, бұған дейін 15 қыркүйекте қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет Лас-Вегаста (АҚШ) өткен бокс кешінде америкалық Джошуа Конлиге (17-7-1, 11 КО) қарсы кездесу өткізіп, қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңіске жеткен еді. 

Қазір оқып жатыр

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды