Бейжіңде вирус азайды

Қытай астанасы – Бейжің қаласының 6 шағын ауданында эпидемиологиялық қатер деңгейі орташадан төменге дейін бәсеңдеді. Дегенмен, қалада коронавирустың таралуына қатысты эпидемиологиялық тәуекел деңгейі жоғары қалып отырған бір елді мекен бар.

Алматы, NEGE. Соңғы ресми деректерге сәйкес, Бейжіңде коронавирус таралуының 22 «орташа тәуекел аймағы» қалып отыр. Өткен жексенбі күні Бейжің Үкіметінің баспасөз хатшысы Сюй Хэцзянь астанада COVID-19 коронавирус инфекциясынның алдын алу және бақылау саласындағы жалпы жағдай тұрақталып жақсарғанын атап өткен болатын.

Індеттің таралу қаупі әлі де бар. Бірақ, ол бақыланатын шекте тұр. Бейжің Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметтеріне қарағанда, 11 маусымнан бастап 4 шілдеге дейінгі аралықта қалада коронавирус жұқтырудың нақтыланған жаңа 334 жағдайы тіркелген. Оның 47 пайызы «Синьфади» көтерме базары қызметкерлерінің арасынан шығып отыр. Бейжің билігінің коронавирус тасымалдаушылармен байланысты адамдарға қатаң бақылау жүргізіп отырғандығына қарамастан олардың кейбірі оқшаулану ержесін бұзып, вирустың таралуын қаупін арттыра түсуде. Ал бұл мұндай оқиғаларды эпидемиологиялық тергеуге жұмылдырылған Бейжің қызметтеріне жүктемені арттыратындығы белгілі.

Айталық, өткен аптада Бейжіңде оқшаулану ережесін бұзған жас қызға байланысты оқиға қоғамда үлкен наразылық туындатқан болатын. Кейіннен ол бойжеткеннен коронавирус инфекция табылған еді. Эпидемиологиялық тергеу барысында аталған қызбен тығыз байланыста болған 200-ден астам адам анықталды. Олардың 66-сы медицина қызметкерлері, 47-сі саудагер, 15-і такси жүргізушісі екендігі белгілі. Қазірі уақытта бойжеткенмен байланыста болған адамдардың бәрі оқшауланып, медициналық бақылауға алынған.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды