Бейжіңде ҚР Президентінің қатысуымен «Бір белдеу, бір жол» ІІІ форумы басталды

Бейжіңде ҚР Президентінің қатысуымен «Бір белдеу, бір жол» ІІІ форумы басталды, деп  хабарлады Ақорда.

Алматы, NEGE. Бейжіңде өтіп жатқан жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» ІІІ форумына қатысатын мемлекеттер басшыларының бірге суретке түсу рәсімі өтті.

Мемлекет басшысы жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» форумының аясында бейресми жағдайда Индонезия Президенті Джоко Видодомен, Пәкістан Премьер-министрінің міндетін атқарушы Анвар-ул-Хак Какармен, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен, Сербия Президенті Александр Вучичпен,

Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен, Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен жүздесті. 

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер  жөнінде пікір алмасты.  Сондай-ақ өзара ынтымақтастықты  дамыту перспективаларын талқылады.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі