Бейжіңде Абай оқулары өтті

Қытайда қазақтың Бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күніне арнайы шара өтті.

Алматы, NEGE. Абай күнін мерекелеу аясында Бейжіңнің орталық «Чаоян» саябағындағы «Цзиньтай» мұражайында Абай оқулары өткізілді.

Іс-шара әйгілі қытай мүсіншісі Юань Сикун жасаған, 2014 жылдың наурыз айында Бейжің орталығындағы «Чаоян» саябағында орнатылған Абай ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды.

Абай оқуларын ҚХР Сыртқы істер министрлігінің, Мәдениет және туризм министрлігінің, Қытай Халық шет елдермен достық қоғамының, ШЫҰ Хатшылығының, Қытайдағы ТМД елдері дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, Қазақстан және Қытай студенттері тыңдады.

ҚР-ның ҚХР-дағы елшісі Ғабит Қойшыбаев өз сөзінде Абайдың шығармашылығы, оның қазақ философиясы мен әдебиетінің қалыптасуындағы рөлі туралы қысқаша айтып берді.

«Осыдан жеті жыл бұрын Бейжіңнің қақ ортасында ұлы ақын Абайға ескерткіш орнатылған еді. Бұл айтулы оқиға екі жақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықта маңызды із қалдырып, Қытай жұртшылығын қазақ әдебиетінің классикасымен таныстыруға жасалған тағы бір қадам болды», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды