Бейжің Олимпиадасында спортшы допинг күдігіне ілінді

Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында алғашқы оң допинг-сынама табылды, деп хабарлайды Sports.kz.

Астана. NEGE. Халықаралық допинг тестілеу агенттігінің (ITA) мәліметінше, ирандық тау шаңғышы Хуссейн Савех-Шемшакидің тесті оң нәтиже көрсеткен. Спортшының допинг сынамасынан дегидрометил-тестостерон метаболиттері табылған. 36 жастағы шаңғышы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Иран құрамасынан ту ұстап шыққан болатын. Қазір ол жарысқа қатысудан уақытша шеттетілді. Савех-Шемшаки танымал спортшылардың бірі. Ол 2010 жылы Ванкувердегі және 2014 жылы Сочидегі Олимпиада ойындарына қатысқан.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр