Бейжің Олимпиадасында қанша жүлде жиынтығы қалды?

Жаһан жұрты асыға күткен Бейжіңдегі Олимпиада ойындары да бел ортасынан ауып, жабылу мәресіне де жақындап қалды.

Алматы, NEGE. Жалпы Бейжің Олимпиадасында 109 медаль жиынтығы сарапқа салынып жатыр. Қазірге дейін сол 109 медаль жыиынтығының 72-сі өз иелерін тауып үлгерді. Енді 37 медаль жиынтығы ғана қалды.

Әзірге ең көп алтын медаль Норвегия құрамасының еншісінде. Ол 9 алтынмен жалпы медальдар кестесінде көш бастап тұр. Ары қарай Германия 8 алтын, АҚШ 7 алтын, Австрия, Қытай Нидерланды 6 алтыннан алған. Швеция мен Швейцария 5 алтыннан, Ресей Олимпиада комитеті 4, Франция 3 алтын медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ, Италия, Жапония, Словения құрамаларының қоржынында 2 алтыннан бар.

Канада, Оңтүстік Корея, Австралия, Финландия, Жаңа Зеландия, Венгрия, Чех Республикасы және Словакия елдері бір-бір алтын медальға қол жеткізді.

Әзірге Қазақстан қоржыны бос.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады