Бейжің Олимпиадасына келген адамдардан вирус табылды

ресми

24 қаңтар күні Бейжіңге, Олимпиада ойындарына келген 15 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды 2022 жылғы Олимпиада ойындарының сайты

Алматы, NEGW.«24 қаңтар күні Қытайға 23 спортшы мен ресми тұлға, 223 мүдделі тараптар өкілдері, барлығы 246 адам келді. ПТР-тестілеу нәтижесінде 12 адамнан вирус анықталды, олардың барлығы – мүдделі тараптар өкілдері. Тағы үш жағдай бұдан бұрын анықталған еді, олардың біреуі – спортшы немесе ресми тұлға, екеуі – мүдделі тараптар өкілдері», - делінген хабарламада.

Олимпиада ойындары Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр