Бейжің Олимпиадасына байкот жарияланды

Сан-Францискода бір топ белсенді Бейжіңдегі олимпиадаға қарсы наразылық танытып көшеге шықты.

Алматы, NEGE. Қытай елшілігі алдына жиналған шерушілер келер жылдың ақпанында өтуге тиіс ойындарға бойкот жариялауды талап етті. Өйткені Қытайда адам құқықтары аяққа тапталып жатыр, дейді олар.

Наразылар NBC Sports телеарнасының кеңсесіне де барып, Қытайда өтетін қысқы ойындарды көрсетпеуге шақырды. Тіпті петиция да жолдаған.

Айта кетейік, таяуда АҚШ, Ұлыбритания мен Канада елдері осы Бейжің Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялап, ресми делегация жібермейтінін мәлімдеген болатын.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды