Бейжің Олимпиадасы: Тау шаңғысынан жарыстар басталды

Бүгін Бейжің Олимпиадасында ерлер арасында тау шаңғысынан жарыстар басталды.

Алматы, NEGE. Аталған сында ел намысын Захар Кучин қорғады. Ол жарыс қорытындысы бойынша мәре сызығын 1:03,68 көрсеткішімен 43-ші болып кесті. Қазақстандық аталған жарыс түрінен бірінші орынға ие болған австриялық Йоханнес Штрольцтан 9.76 минутқа кешігіп келді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Кучин тау шаңғысынан алып слалом бойынша бірінші кезеңде мәреге жете алмай жарыс жолынан шығып қалған болатын. Бұл оның Бейжің Олимпиадасындағы соңғы жарысы.

Енді, екінші іріктеу кезеңі Нұр-Сұлтан уақытымен 11:45-те басталады.

Айта кетесек, аталған Ақ Олимпиада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр. Бейжің Олимпиадасы 20 ақпанда мәресіне жетеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды