Бейжің Олимпиадасы: Спортшыларға сыйақы беріле ме?

Бейжіңдегі қысқы Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларымыз қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Алматы, NEGE. Спортшыларымыз Олимпиадада бірде-бір жүлде алмады. Дегенмен жүлделі орынға жақын нәтиже көрсеткен спортшыларымызға сыйақы беріледі. Мысалы, шорт-трекші Абзал Әжіғалиевке 500 метр қашықта төртінші орын алғаны үшін 30 000 доллар сыйақы беріледі.

Сондай-ақ, Абзал мен аралас эстафетаға қатысқан Яна Хан, Ольга Тихонова және Денис Никиша бесінші орын үшін 10 000 доллардан алады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды