Бейжің Олимпиадасы: Қазақстандық шаңғымен секірушілер финалға өтті

Қысқы Олимпиада ойдындарында шаңғымен тұғырдан секіру спорты бойынша іріктеу сындары басталды.

Алматы, NEGE. Аталған санат бойынша Қазақстан құрамасынан екі спортшы жарыс жолына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz порталы. Ерлер арасында орташа трамплинде өткен додаға Сергей Ткаченко мен Данил Васильев қатысты. Қос қазақстандық атлет те келесі айналымға жолдама алды.

Сергей Ткаченконың бүгінгі жаттығуы 43.1 ұпаймен бағаланса, Данил Васильев 46.2 ұпайына ие болды. 

Келесі іріктеу кезең ертең, 5 ақпан күні елорда уақытымен сағат 17:00-де басталады. 

Айта кетерлігі, бүгінгі сайысқа 53 спортшы қатысты. Ережеге сәйкес, 50 спортшы келесі кезеңге өтеді. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр