Бейжің-2022: Тау шаңғысы жарыстары кейінге шегерілді

Бейжің Олимпиада ойындарындағы бүгін өтуі тиіс ерлер арасындағы тау шаңғышыларының жарыстары кейінге шегерілді.

Алматы, NEGE. Бейжің Олимпиадасын ұйымдастыру коитеті х абарлағандай, бұған басты себеп - ауа райының қолайсыздығы. Бүгін тау шаңғышылары сайысқа түсетін Яньцинде қатты жел тұрған.

Сол себепті бүгінгі өтетін тау шаңғышыларының жарыстарын ұйымдастыру комитеті бір күн кешіктіріп, 7 ақпанда өткізетін болып шешті.