Бейжің-2022: Шорт-трекші Әділ Ғалиахметов ширек финалға жетпей сүрінді
Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен Әділ Ғалиахметов ширек финалға жетпей сүрінді.
Алматы, NEGE. Бүгін Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардың қатысуымен шорт-тректен жарыс басталды. Қазақстаннан алғашқы болып 1000 метр қашықта сынға түскен Әділ Ғалиахметов аталған қашықтықты 1:24:855 уақытта бағындырып, өз тобында үшінші орынға ие болды. Бұл көрсеткіш ширек финалға шығуға жеткіліксіз болды. Енді шамалы уақыттан кейін шорт-тректен аралас эстафетадан жарыстар басталады. Онда Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Яна Хан, Ольга Тихонова қатарлы спортшылар мұз айдынға шығады.