Бейжің-2022: Шайбалы хоккейден ширек финалға қай құрамалар шықты

Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында шайбалы хоккейден ерлер арасында 1/4 финалға шыққан құрамалар анықталды.

Алматы, NEGE. Плей-офф сатысындағы ойындар мәресіне жетті. Төрт жұпта жеңімпаз атанған құрамалар ширек финалға жолдама алды. Бүгін Дания хоккейшілері Латвияны 3:2, Словакия Германияны 4:0 есебімен тізе бүктірді. Ал Швейцария Чехиядан 4:2, Канада Қытайдан 7:2 есебімен басым түсті. Енді 16 ақпанда ширек финал сатысында АҚШ пен Словакия, Финляндия мен Швейцария, Ресей мен Дания, Швеция мен Канада кездеседі. Ерлер арасындағы бәсекеде барлығы 12 құрама үш топқа бөлініп бақ сынады. Олардың әрбірінен бірінші орын алғаны тікелей ширек финалға жолдама алды. Жартылай финал 18 ақпан белгіленген. Ал 3-орын үшін сайыс 19 ақпанда өткізілсе, 20 ақпанда финал болады. Еске салсақ, бұдан бұрын әйелдер арасында финалға шыққан құрамалар анықталды.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады