Бейжің-2022: Қазақстандық паралимпиадашылар жарысты 5 наурызда бастайды

Бейжің–2022 қысқы паралимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын параспортшылар жарыстарын 5 наурызда бастайды.

Алматы, NEGE. Бейжіңде өтетін 2022 жылғы Қысқы паралимпиада ойындары ресми түрде 4 наурызда басталады. Аталған төртжылдық додада ел атынан Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко, Юрий Березин және Сергей Усольцев спорттың екі түрінен сынға түседі. Ел спортшылары алғашқы жарыстарын 5 наурыз күні бастайды. Нақтырақ айтсақ, 5 наурызда парабиатлоннан Сергей Усольцев пен Александр Герлиц бірінші болып жарыс алаңына шығады.

Сонымен қатар, парашаңғы жарысынан Ербол Хамитов пен Денис Петренко жарыстарын жалғастырады. Айта кетейік, Бейжің-2022 паралимпиадасында көк туды шаңғы спорты түрінен әлем кубогінің қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов ұстап шығады. Паралимпиада ойындары 4 наурызда басталып, 13 наурызда мәресіне жетеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды