Бейжің-2022: Бүгін қазақстандық қыздар екі түрлі сайыста бақ сынайды

Бейжіңде өтіп жатқан олимпиадада қыздар бақ сынайды.

Алматы, NEGE. Бүгін Бейжіңдегі Олимпиада жүлделерін сарапқа салатын үшінші күн. Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері де жарыс жолына шығады. Спортшы қыздарымыз екі түрлі сайыста бақ сынайды. Нақтырақ айтқанда, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14:30-да конькимен жүгіру бойынша, іле шала сағат 15:00-де биатлоннан сынға түспек. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр