Бейжің-2022: Александра Троицкая мәреге жете алмады

Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпия ойындарында тау шаңғысынан әйелдер арасындағы бәсеке басталды.

Алматы, NEGE. Аталған сында Қазақстан намысын әйелдер арасында Александра Троицкая қорғады.

Өкінішке қарай жерлесіміз слаломда мәреге жетпей, жарысты аяқтады. Бүгін Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиадада қазақстандық атлеттер спорттың 3 түрінен сынға түседі.

Атап айтсақ, тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы және шорт-тректен спортшыларымызға жанкүйер боламыз.

Айта кетейік, Бейжің қаласындағы 2022 жылғы қысқы Олимпиадада спорттың жеті түрінен 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ақ Олимпиадада еліміздің атынан 34 спортшы 85 жолдама бойынша сынға түсіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр