Бейсенбіде Қырғызстан халқы аза тұтады
Қырғызстанда 30 шілде коронавирустан көз жұмғандарды Ұлттық аза тұту күні болып жарияланады. Бұл туралы мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбеков мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Пандемия басталғалы Қырғызстанда 32 мыңнан астам адам коронавирус және пневмонияға шалдыққан.
Елде індет құрбандарының саны 1300-ге жуықтады.
«Бұл мәселе ойымда жүр еді. Уақытынан ерте айтқым келмеген, бірақ сол туралы сөз қозғағаннан кейін айта кеткен жөн деп ойлаймын. 31 шілде күні біз Құрбан айт мерекесін тойлаймыз. Ал 30 шілде ел бойынша Ұлттық аза тұту күні болып жарияланады. Соған сәйкес жарлық шығады»,– деді Сооронбай Жээнбеков.