Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп деп хабарлады ҚазТАГ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы. NEGE. «Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты елдің басым аумағында жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Тек батысы мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын, жел күшейеді», - делінген хабарда.

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жауын-шашынды (жаңбыр, қар), жаяу сырма соғады, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 0 шамасында.

Алматыда күн бұлтты, түнде және күндіз жауын-шашынды (көбіне жаңбыр жауады). 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз және түнде 4 6, күндіз ары қарай төмендей береді.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынды, түнде қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Батыстан 8-13 м/с жел тұрады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз 2 4, түнде 0 2.

Ақмола облысында аздаған қар аралас жаңбыр күтіледі, кей жерлерде қатты жауын-шашын болады, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде бұрқасын тұрады, тұман түседі, көктайғақ. Күндіз және түнде -2 3.

Солтүстік Қазақстан облысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде бұрқасын күтіледі, тұман, көктайғақ. Күндіз және түнде -2 3.

Павлодар облысында күндіз жауын-шашын күтіледі, түнде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде қатыт жауын-шашын болады, 15-20 м/с жел трады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде бұрқасын соғады, тұман түседі, көктайғақ болады. Күндіз -2 3, түнде 0-5.

Қарағанды облысында күндіз аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде қатты жауын-шашын болады, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде бұрқасын болады, тұман, көктайғақ. Күндіз және түнде -2 3.

Қостанай облысында күндіз кей жерлерде, түнде бүкіл өңір бойынша аздаған қар аралас жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, жаяу сырма соғады. Күндіз -2 3, түнде -1-6.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз жауын-шашын күтіледі, түнде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде бұрқасын соғады, көктайғақ. Күндіз 3 8, түнде -2 3.

Жамбыл облысында жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде қатты, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз 3 8, түнде 0 5.

Түркістан облысында жауын-шашын күтіледі, түнде кей жерлерде қатты, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, түнде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз 1 6, түнде -1 4.

Қызылорда облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі, түнде кей жерлерде көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 4 9, түнде 0-5.

Атырау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-22 м/с жел тұрады. күндіз 6 11, түнде 0-5.

Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-22 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады. Күндіз 8 13, түнде -2 3.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, күндіз кей жерлерде 15-22 м/с жел тұрады, кей жерлерде –тұман. Күндіз 1 6, түнде 0-5.

Ақтөбе облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, түнде кей жерлерде жаяу сырма соғады, көктайғақ, түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0 5, түнде -3-8.

Алматы облысында күндіз бүкіл өңірде, түнде кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, түнде кей жерлерде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жел тұрады. Күндіз 4 9, түнде 1 6.

«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысы мен батысындағы өзендерде мұз қату құбылысы ары қарай төмендейді. Қазақстанның жазықтық аумағындағы қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер.

 

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды