Бейруттегі жарылыстан қаза тапқандар саны артты

Бейруттегі портта 4 тамыз күні болған жарылыстан қаза тапқандар саны 190 адамға жетті.

Алматы, NEGE. Оқиға салдарынан 6,5 мыңнан астам адам жараланған. Есептік деректерге сәйкес, жарылыс кезінде хабарсыз кеткен үш адам осы кезге дейін табылған жоқ. Қазіргі уақытта 300 мыңға жуық адам баспанасыз жүр. Сондай-ақ 50 мыңнан астам ғимаратқа зақым келген. Еске сала кетсек, 4 тамыз күні Бейруттегі портта жарылыс болы, айналаны тып-типыл етті.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевтың біз біле бермейтін бизнесі. «Кар Сити» НЕГЕ миллиард әкелді?

Атырауда полиция басшылары қызметінен шеттетілді

«Күнде олардың даусын еститінмін»: көршісі елордада үш бала мерт болған өрттің мән-жайын айтты

Мамырда Қазақстан халқы қанша күн демалады?