Бейруттан берекет кетті

Ливан астанасы Бейрутта ашынған халықтың ереуілі басылар емес.

Алматы, NEGE. Наразылық акция тәртіпсіздікке ұласуда. Жиналғандарды тарату үшін полиция көз жасаурататын газ бен резеңке оқ қолданған. Парламент ғимаратының алдында жиналғандар ел президенті мен премьер-министрдің отставкаға кетуін әрі аймақта мерзімнен бұрын сайлау өткізіп, портта болған жарылысқа қатысты әділ тергеу жүргізуді  талап етеді. 

Айта кетейік, жуырда елдегі  ушыққан жағдайдан кейін бірнеше министр орнын босатқан еді. Наразылық акциясында қамалғандар мен жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Еске салайық, кемежайдағы жарылыстан кейін 150-ден астам адам қаза тапты. 5 мыңға жуық тұрғын жарақат алды. 300 мыңнан астам адам баспанасыз қалды. Ал жоғалғандарды  іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының орындалуымен құттықтады

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді