Бейнежазба жариялағандары үшін адвокаттарды лицензияларынан айырды

Нұр-Сұлтанда сот залынан даулы видео бөліктерін жариялағандары үшін адвокаттар Аманжол Мұхамедияров пен Ерлан Ғазымжановты лицензияларынан айырды,

деп хабарлады ҚазТАГ.

Алматы. NEGE. «Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Сарыарқа аудандық соты әділет министрлігінің мені адвокаттық лицензиямнан айыру туралы талап-арызды қанағаттандырды», - деді Ғазымжанов сәрсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осындай шешімді Есіл аудандық соты Мұхамедияровқа қатысты да шығарған.

Еске салсақ, 14 қаңтарда Нұр-Сұлтанда сот залынан жанжалды видеоны – судьялардың бірінің әдепсіз әрекеті көрсетілген аудио-видеофиксация фрагменттерін әлеуметтік желіде жариялаған екі адвокаттың соты басталған еді.