Бейнеконференц байланыс жабдығына –14,3 миллион
Бейнеконференц байланыс жабдығына
Сыртқы істер министрлігі Т14,3 млн жұмсамақ, деп хабарлады ҚазТАГ.
Алматы, NEGE. «Тапсырыс беруші – "Қазақстан Республикасының сыртқы істер Министрлігі" мемлекеттік мекемесі» ММ; атауы – мамандандырылған жүйе; қосымша сипаттамасы – бейнеконференц байланыс жабдығы; жоспарлы сомасы – Т14 300 000», - делінген 22 шілдеде жарияланған мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында.
Өтінімді қабылдау жарияланған күні басталды және 6 тамыз сағат 20.00-ге дейін жалғасады.
Конкурстың техникалық ерекшелігінде кепілді мерзімі көрсетілген – 12 ай, жеткізу және монтаждау мерзімі – шарт тіркелген сәттен бастап 20 күн.