Бейнебақылау камералары арқылы 4 қылмыс ашылды

Шымкентте бір апта ішінде Жедел басқару орталығына 8 мыңға жуық қоңырау қабылданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 2021 жылдың 16-22-тамыз аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» нөміріне түрлі сипаттағы 7 883 қоңырау келіп түсті.

Оның – 3 514 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, бейнебақылау камералары арқылы төрт қылмыс «ізін суытпай» ашылған.

Нөлдік төзімділік қағидаты және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 885 жайт анықталды: ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қоқыс тастау) – 36 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда мас күйінде болу) – 43, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) – 34, жол қозғалысы ережелерін бұзу 607 және өзге де 165 құқық бұзушылықтар.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді