7 октября 2022 г. 16:30

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы қай елдердің құқық қорғаушыларына берілді?

Фото:
Бейбітшілік саласындағы биылғы Нобель сыйлығы беларус құқық қорғаушы

сы Алес Беляцкийге, Ресейдің "Мемориал" құқық қорғау ұйымына және Украинаның "Азаматтық еркіндік орталығы" құқық қорғау ұйымына берілді. Бұл туралы Швеция академиясының Нобель комитеті хабарлады.

Алматы, NEGE. Бейбітшілік сыйлығы Альфред Нобельдің өсиетіне сәйкес, "үлкен жетістікке жеткен немесе халықтарды біріктіруде және армиялар санын азайтуда, сондай-ақ бейбітшілік конгрестерін өткізуде және оларға назар аударуда басқаларға қарағанда көбірек қызмет еткен адамға" беріледі.

Биыл лауреат өзінің жеке бейнесі бар медаль, диплом және 10 миллион швед кроны көлемінде ақшалай сыйақы алады.

2022 жылы бейбітшілік сыйлығына 251 жеке тұлға мен 92 ұйым өтініш берген, жалпы саны 343 үміткер. Рекорд 2016 жылы 376 үміткер болған кезде тіркелген еді. Биылғы көрсеткіш екінші орында тұр.

Тегтер: