Бейбіт заманның батыры

Жүрегінде мейірімі бар адам, бейбіт заманның да батыры бола алады. Қазір жаһандық БАҚ пәкістандық Сулеман Ханның ерлігіне сүйсініп, хабар таратуда.

Алматы, NEGE. Бір апта бұрын Пәкістанда нөсер мен қар жауып, тауларда қар көшті. Қаншама тұрғын зардап шекті. Geo TV телеарнасы таратқан хабарға сүйенсек, Кветта қаласы маңындағы қалың қар басып қалған жолдардан Сулеман Хан 100-ден астам адамды құтқарды.

Үш күн бұрын Белуджистан провинциясының жекелеген аймақтарында Кветта мен Зхоб қалалары арасындағы жолдарда қозғалыс шектелген болатын. Тасжолдағы қар құрсауында әйелдер, қарттар мен балалар қалып қойған. 30 жастағы ер адам үш күн бойы адамдарды өз үйіне апарған, сондай-ақ өзге баспаналарға да жеткізген.

Сондай-ақ, өзге көлік жүргізушілерге жанармай жеткізген. Көлігімен ондаған машинаны қар құрсауынан сүйреп шығарған.

Табиғи апаттардың салдарымен күрес жөніндегі ұлттық агенттіктің мәліметтері бойынша 100 адам қаза тауып, 200-ден астам тұрғын үй зардап шеккен.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін