Beeline Қазақстан OLX KZ платформасын 75 млн долларға сатып алды

Қазақстандағы Beeline брендіне иелік ететін «Кар-Тел» компаниясы OLX Group-тен OLX KZ онлайн-хабарландыру платформасын толық сатып алу жөнінде келісім жасады. Келісім құны — 75 миллион доллар.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Компания мәліметінше, еліміздегі ең ірі онлайн-хабарландыру сервисінің Beeline экожүйесіне қосылуы қолданушыларға ұсынылатын цифрлық қызметтерді көбейтуге және жаңа аудитория тартуға мүмкіндік береді. 2025 жылғы 30 маусымдағы дерек бойынша, OLX KZ ай сайын 10 миллион белсенді қолданушыны қамтыған, ал платформада 3,6 миллион хабарландыру орналастырылған.

Келісім реттеуші органдардың мақұлдауын талап етеді. Өтпелі кезеңде OLX Group техникалық қолдау мен IT-қызметтерді бұрынғыдай жалғастырады.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады