BBC: Владимир Владимирович Назарбаев

BBC-дің орыс қызметі Владимир Путиннің жолдауына, үкіметтің отставкасына қатысты әлеуметтік желіде сарапшылардың не жазып жатқанына талдау жасады.

Алматы, NEGE. Публицист Иван Давыдов желіде былай деп жазыпты:

«Айтпақшы, көсемді бұдан былай қалай атауға болады? Владимир Абишевич Путин, Нұрсұлтан Владимирович Путин, әлде Владимир Владимирович Назарбаев?».

Саясаттанушылардың бірқатары Ресей президентінің бұл қадамын «қазақстандық модель» деп атады. Бұл турасында саясаттанушы Григорий Голосов бүй дейді: «Путиннің билік транзидіне байланысты конституциялық идеялары бәрібір қазақстандық нұсқаға келіп тұр».    

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті