BAZIS-A Баум тоғайында ешқандай нысан салмауға уәде берді

«BAZIS-A» корпорациясы Баум тоғайы аумағындағы мәселеге қатысты жауап берді. 

Түрксіб ауданының әкімдігі

Астана, NEGE. Бұған дейін экобелсенділер Баум тоғайында жүріп жатқан жұмыстарға қарап, ондағы ағаштар кесіліп, орнына тұрғын үй кешені салынады деп дабыл қаққан.

Корпорация мұндай ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. 

«BAZIS-A» корпорациясы да, реконструкцияны жүзеге асырып жатқан мердігер ұйым да Баум тоғайы аумағында қазір де, болашақта да ешқандай тұрғын үй немесе коммерциялық нысан салуды жоспарламайды және жүзеге асырмайды,  делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Баум тоғайының реконструкция жобасы Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша «Ұлмад» ЖШС тарапынан әзірленген. 

«BAZIS-A» корпорациясы аталған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қатыспағанын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?