1 декабря 2025 г. 11:29

Бажкеноваға қатысты полиция түсініктеме берді

Фото: @bazhkenova/Instagram

Алматы полиция департаменті ORDA ақпарат порталының бас редакторы Гүлнара Бажкенованың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.   

Астана, NEGE. ORDA ақпарат порталы редакцияларында тергеу әрекеттері жүріп жатқаны жайлы Telegram-да жазба жариялады.


«Кеңседегі әріптестерімізге шамамен бір сағаттан бері хабарласа алмай отырмыз, олардың телефондарын алып қойған болуы мүмкін деп болжаймыз. Редакцияда тергеу әрекеттері жүріп жатыр, айналада қара киімдегі адамдар жүр, нөмірсіз көліктер тұр. Қазір жағдайды заңгерлер қарап жатыр, сіздерді болып жатқан оқиғалар туралы хабардар етіп отырамыз», – делінген хабарламада.

Алматы қаласы полиция департементі Бажкенованың үстінен бірнеше рет әдейі жалған ақпарат таратты деген күдікпен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Тексеру 2024 жылғы материалдардың бірінде полицей туралы «пара алды» деген жалған ақпарат жарияланғанын анықталған. Бұл дерек шындыққа жанаспайтындықтан, қызметкердің кәсіби беделіне нұқсан келгені айтылды», – делінген ресми хабарламада.

Полицияның хабарлауынша, басқа жағдайда мүліктік дауға қатысты залалдың көлемі мен себептері бұрмаланып, шындыққа сай емес деректер берілген.

Тергеу аясында Бажкенованың үйі мен жұмыс орнында тінту жүргізіліп, электрондық құрылғылар тәркіленген. Тергеу жалғасып жатыр.