Базарлардың жұмыс тәртібі қандай болмақ?
Қазақстандағы базарлардың жұмыс тәртібі жергілікті атқарушы орган ұсыныстарының негізінде анықталады, деп хабарлады ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Алматы, NEGE. «Базарлардың жұмыс тәртібін жергілікті атқарушы органдардың ұсынысы негізінде мемлекеттік комиссия анықтайтын болады», - деді Тоқаев өзінің дүйсенбі күнгі Қазақстан халқына үндеуінде.
Соңғы ақпар бойынша Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың тоғыз дерегі расталды (жетеуі Алматыда, екеуі Нұр-Сұлтанда). 15 наурызда президент Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай енгізуге қаулы етті.