Базар мен сауда орталықтарында вакцинация жүргізу жоспарланды

Алматыдағы сауда және ойын-сауық орталықтары мен базарларда вакцинация жүргізу жоспарланды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали мәлімдеді.

Лаура Мырзағалидің айтуынша, қазір Алматы емханаларында 35 екпе салу бөлмесі жұмыс істейді. Жақын арада тағы 15 пункт ашу жоспарланған.

«Мұндай пункттер жеке емханаларда да болуы мүмкін. Сондай-ақ, сауда орталықтарында, базарларда да халықты вакцинациялау мәселесін қарастырып жатырмыз», – деді ол.

Сондай-ақ, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі жазға дейін Алматыға 197 мыңнан аса вакцина жеткізілетінін айтты.

«Сәуірде 65 200 доза, мамырда 65 200 доза және маусымда 67 мың доза жеткізу жоспарланды. Сондай-ақ, ревакцинация да жалғасады», – деді Лаура Мырзағали.

Қазір оқып жатыр

FlyArystan әуе билеттерін 20% жеңілдікпен сатып алуға болады

Қаңтар оқиғасынан кейін 4 жыл өтсе де қару-жарақ әлі табылып жатыр

«Қазмырыш» зауыты аумағындағы өрт толығымен сөндірілді

Панда-бонд арзан ақша ма, әлде жасырын тәуекел ме?