Базарда пышақпен жүрген адам психдиспансерде тіркеуде тұрған ба?
Психиатриялық диспансерде тіркеуде тұрған кісі Алматы базарында пышақпен ұмтылған, деп хабарлады қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. «8 қаңтар сағат 13.17-де Алматының Әуезов ауданы ПБ кезекші бөліміне 25-30 жас шамасындағы ер адам «Достық» ықшамауданында орналасқан базарда өтіп бара жатқан адам мен сатушыға пышақпен ұмтылған. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде күдікті ретінде 2011 жылдан бері «Параноидты шизофрения» диагнозымен психиатриялық диспансерде есепте тұрған ер адам ұсталды», – делінген жұмада таратылған хабарда.
Департамент хабарлауынша, 9/2 жедел медициналық көмек көрсету бригадасы пышақпен ұмтылған ер адамды Алматыдағы «Психикалық денсаулық орталығына» жеткізіп, жатқызған.
«Аталмыш оқиғаға байланысты ҚР ҚК 293 бабы 3 бөлімі 2 тармағы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелді», – делінген хабарда.