Байжанов: «Бишімбаевтың отбасындағы шаруаға араласпауыма қазақы тәрбием себеп»

Астананың мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтіру ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр.

Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Сот отырысында Бақытжан Байжановтан жауап алынды. Ол Салтанат Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрап, оқиғаның қалай болғанын өз нұсқасында баяндап берді.

«Мен олардың жиі жанжалдасатынын, Бишімбаевтың оған қол көтеретінін бұрыннан білетінмін. Менің бұл жағдайға етім үйренгені соншалық, сол күні (8-9 қараша) болған оқиғаға таң қалмадым. Салтанатқа жаным ашыса да, олардың арасындағы жағдайға араласа алмадым. Менің қазақи менталитетім мен қазақи тәрбием және салмақты мінезім Бишімбаевқа жөн сілтеп, оған ақыл айтуға жол бермеді. Оның жасы менен әлдеқайда үлкен. Сол себепті мен олардың қарым-қатынасы мен отбасылық шаруаларына араласа алмадым. Мен отбасылық мәселе отбасы ішінде шешілуі тиіс деген түсінікпен өстім», – деді сотталушы Бақытжан Байжанов.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевтың біз біле бермейтін бизнесі. «Кар Сити» НЕГЕ миллиард әкелді?

Атырауда полиция басшылары қызметінен шеттетілді

«Күнде олардың даусын еститінмін»: көршісі елордада үш бала мерт болған өрттің мән-жайын айтты

Мамырда Қазақстан халқы қанша күн демалады?