«Байтерек» холдингінің атауы өзгерді

«Бәйтерек» ұлттық холдингіне жаңа функциялар жүктеледі. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңес отырысында айтылды.

baiterek.gov.kz

Астана, NEGE. Енді инвестхолдинг инфрақұрылымдық, экспорттық және индустриялық жобаларды қолдау бойынша қосымша функцияларды атқармақ. Негізгі мақсат – капиталды белсенді тарту, ішкі өндірісті және импорт алмастыруды дамыту. 

«Құрылымы және мазмұны жағынан қайта құру нәтижесінде Холдинг біз басым деп айқындайтын секторларға қаржы, құзыреттер және жаңа технологиялар алып келетін ірі инвесторларды тарту жөніндегі тиімді тетікке айналуға тиіс. Алда ауқымды жұмыс күтіп тұр», — деді Олжас Бектенов.

«Бәйтерек» холдингі экономиканың нақты секторына кредит беру көлемін ұлғайтады. Бүгінгі таңда бизнеске жалпы сомасы 5,7 трлн теңгеге қолдау көрсетілді. Ал, биыл бұл көрсеткіш 8 трлн теңгеге дейін жетуі керек. 

Қазір оқып жатыр

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады