Байден жаңа жұмыс іздеп жүргенін мәлімдеді

Президенттік мерзімінің аяқталуына 22 апта қалған Джо Байден блогерлермен кездесіп, жұмыс іздеп жүргенін айтып қалды. 

pixabay.com

Алматы, NEGE. Онлайн-контент жасаушылармен кездесу кезінде Байден жаңа жұмыс іздеп жатқанын айтып қалжыңдады. Байденнің  президенттіктен кетуіне 22 аптадан аз ғана уақыт қалды.

«Сіздер қарым-қатынастың барлық динамикасын өзгертетіндей серпіліс жасап жатырсыздар, сондықтан мен сіздерді Ақ үйге шақырдым. Тағы бір себеп мен жұмыс іздеп жүрмін», - деді ол көпшілікке. Президенттің қағытпасына залдағылар ду күлді. 

Сондай-ақ кездесу барысында алда өзін цифрлық контент жасаушы ретінде көретінін айтты.

«Мені зейнеткерлікке шыққанда қайда барады деп ойлайсыздар? Таныстарым өте көп, мені қалжыңдап жатыр деп ойлайсыздар ма», - деді АҚШ президенті.

АҚШ президенті шілде айының соңында сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді. Демократтар кейіннен өздерінің кандидаты ретінде қазіргі вице-президент Камала Харристі ұсынды.

АҚШ-та президент сайлауы 5 қарашада өтеді.

 

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты