Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуінің бостандыққа шығуына қатысты пікір білдірді

Продюсер Баян Мақсатқызы Instagram-дағы парақшасында бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевты мерзімінен бұрын босату туралы сот шешіміне қатысты пікір білдірді.

Алматы, NEGE. «Немерем дүниеге келді. Менің отбасылық зорлық-зомбылық туралы фильмім әлем бойынша салтанатты шеруін жалғастыруда, қазіргі күйеуіме қатысты әділдік орнады. Ал бүгін бұрынғы күйеуім Бақытбек Есентаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаны белгілі болды. Бір ай бұрын, мен оның босатылуына қарсы еместігім туралы өтінішке қол қойдым. Сот менің өтінішімді қанағаттандырды және ол жақын арада босатылады. Мен өте қуаныштымын және оған денсаулық пен барлық жақсылықты тілеймін! Өзім үшін, отбасым үшін, балаларым мен немерелерімнің разылығы үшін Алла Тағалаға сансыз шүкіршілік етемін!», - деп жазды Баян Мақсатқызы.