Баян Мақсатқызы ашаршылық туралы фильм таспалауға кірісті

Жуырда ғана Белоруссияда қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жайлы фильм таспалап қайтқан продюсер енді ашаршылық ақиқаты жайлы кинокартина түсіруді қолға алды.

Алматы, NEGE. Бұл жаңалығын ол инстаграм парақшасында жазды.

«Біреу шындықты айту керек қой. Біз қазақ халқы бастан өткерген трагедия, аштықтан өлген миллиондаған жандар мен кеңестік биліктің ұлтты қалай жойғаны жайлы толықметражды кино түсіруге кірістік. Өткенін білмеген, бүгінін бағалай алмайды. Әр қазақ өз тарихын білуі тиіс»,– деп жазды Баян Мақсатқызы.

Продюсердің желіге жүктеген суреттерінен жаңа туындыда Берік Айтжановтың ойнайтынын аңғаруға болады.

Қазір оқып жатыр

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ