Баян Мақсатқызының сіңлісі де мемлекеттік сыйлыққа ие болды

Белгілі продюсер, композитор Бағым Мұхитденова Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. 

Бағым Мұхитденованың желідегі парақшасынан

Алматы, NEGE. Әртіс бұл хабарды желідегі парақшасында бөлісті.

"Құрмет пен мойындау үшін алғыс айтамын! "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы өмір жолымдағы маңызды белес болды. Әрдайым жанымда менің отбасым бар, олар менің ең басты шабыт пен қолдау көзі. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваға (@aida_balayeva) шын жүректен алғыс білдіремін. Мен үшін бұл үлкен құрмет. Сенімді ақтауға тырысамын!" – деп жазды Бағым Мұхитденова.

Айта кетейік, күні кеше ғана оның әпкесі, танымал продюсер Баян Алагөзова алғаш рет "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алған еді. Екі әпкелі-сіңліліні өнердегі әріптестері мен оқырмандары құттықтап, жүрекжарды лебіздерін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті