13 января 2020 г. 15:00

Бауыржан Ибрагимов: Тұрсынбек Қабатов актер емес

Фото:

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Бауыржан шоу» әзіл-сықақ театрының негізін қалаған белгілі актер Бауыржан Ибрагимов қазіргі таңдағы өнер сахнасының жай-жапсарын тілге тиек етті. Ол сахнада жүрген актерлер туралы өз пікірін айтып, әзіл әлеміндегі інісі Тұрсынбек Қабатовқа қатысты ойын ашық білдірді.

Алматы, NEGE. Белгілі әзілкешке кәсіби тұрғыда бағасын берген Бауыржан Ибрагимов Қабатовты актер ретінде қабылдай алмайтынын жеткізді. «Қабатовты көрдім. Ол кілең шыққаннан бастап, өзінің мысығын айтады. Мен өзім ондай әзілді түсінбеймін, қабылдай алмаймын. Білмеймін енді, менікі емес. Мен оны конферансье ретінде қабылдаймын. Маған ренжісе ренжитін шығар. Бірақ, мен кәсіби маман ретінде шындықты айтып отырмын. Оған КВН, тамада стилі келеді. Ол өзінің деңгейі. Бірақ, актер емес», - деген Ибрагимов бүгінгі күні өнердің бағасы түсіп бара жатқандығын айтады.

«Халыққа не бересің, соны алады. Қазір жаңадан шыққан әнші инстаграм арқылы өзінің жарнамасын жасап, танымал болып шығады. Біз баяғыда ауыл-ауылды аралап, бір жарым, екі айға кететінбіз гастрольге», - деп өткенді есіне алды. Әрине, Бауыржан мырзаның сөзінің жаны бар. Қазіргі таңда көркемдік кеңес пен өнерге деген қолдаудың саяздығын ескерсек, бүгінгі жастарға  ауыл-аймаққа инстаграм арқылы жетуден басқа амал қалмағандай.  Мұның ақ-қарасын саралауды оқырман еншісіне қалдырайық.

Тегтер: