Бауыржан Арыстанбеков, Даяна Федосова Азия Пара ойындарының қол жүлдесін иеленді
Бауыржан Арыстанбеков, Даяна Федосова Азия Пара ойындарының қол жүлдегерлері атанды.
Алматы, NEGE. Қазақстандық спортшы Бауыржан Арыстанбеков пара дзюдодан қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін күресте біздің отандасымыз Индонезиядан келген палуанды жеңді. Жекпе-жек J1 санаты бойынша 90 кг салмақ дәрежесіндегі спортшылар арасында өтті.
57 кг салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Даяна Федосова (J2 санаты) Азия Пара ойындарында дзюдодан қола жүлдегер атанды. Медаль үшін күресте ол Үндістаннан келген спортшыны жеңді.