Бауыржан Момышұлының алып портреті Рекордтар кітабына енді

 «Астана Арена» стадионында 2 736 шаршы метр болатын Бауыржан Момышұлының алып портреті жасалды және «Әлемдегі ең үлкен портрет» ретінде Дүниежүзілік рекордтар кітабына енді, деп жазды kazinform.

видеодан скрин

Алматы, NEGE. Бұл іс-шара Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай ұйымдастырылды. Оған Астананың шығармашылық ұжымдары, педагогтер мен оқушылар қатысып, биіктігі 70 метр, ені 32 метр болатын портретті фотомозайка форматында құрастырып шықты. Әрбір пиксельдің өлшемі 1 шаршы метрді құраған.
Жобаны ұйымдастырған елордалық мәдениет басқармасының хабарлауынша, бұл – әлемдік рекорд тіркеу тарихында болмаған ең үлкен портрет. Оны дайындауға 700 келі ақ бояу және 320 келі қара бояу қажет болған.

Іс-шараға арнайы Қытай және Үндістан мемлекетінен өкілдер шақырылды. Рекорд тіркелгенен кейін ұйымдастырушыларға сертификат пен медаль берілді.

Қазір оқып жатыр

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті