Батыста бүркітшілер бақ сынайды

24-26 қаңтар аралығында Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы, Сарыөмір ауылында бүркітшілер арасында «Жайық қыраны – 2020» республикалық турнирі өтеді.

Алматы, NEGE. Байқауға еліміздің әр өңірінің бүркітшілері жиналады. Республикалық турнирдің мақсаты – ұлттық спорт түрін насихаттау, ішкі туризмді дамыту, аңшылық салт-дәстүрлерімізді жаңғырту, дейді ұйымдастырушылар.

Аталған турнир 2018 жылдан бері «Ғылыми зерттеулерге көмектесу қоры» жеке қорының ұйымдастыруымен өткізіліп келеді.

Өткен жылы бүркітшілер өнерін тамашалау үшін еліміздің түкпір-түкпірінен және Ресейдің Самара, Тольятти, Ульяновск, Пермь өңірлерінен туристер келген болатын.

Ең үздік бүркітшіні анықтайтын жарыстың жалпы жүлде қоры 1.5 млн. теңге.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды