Батыс пен оңтүстікте жауын-шашын

Бейсенбі күні Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде ғана жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады ҚазТАГ  «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне с

ілтеме жасап.

Алматы. NEGE. «ҚР басым аумағына бұрынғысынша антициклон ықпал етеді, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде фронталды бөліктерге байланысты кей жерлерде жауын-шашын күтіледі (жаңбыр). Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, тұман, солтүстігінде көктайғақ күтіледі», - делінген хабарда.

Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 0 2, түнде -5-7.

Алматыда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 10 12, түнде -1 1 шамасында.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан екпіні 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз 14 16, түнде 1 3.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0 5, түнде -2-7.

Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр күтіледі, түнде жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді. Күндіз 8 13, түнде -1-6.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күітледі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3 2, түнде -10-15.

Түркістан облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 13 18, түнде –2 3.

Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, түнде жауын-шашынсыз. Күндіз 12 17, түнде 0 5.

Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 4 9, түнде 0-5.

Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз 12 17, түнде 3 8.

Қостанай облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі, 18 м/с жел тұарды. Күндіз 0 5, түнде -2-7.

Павлодар облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -1 4, түнде -8-13.

Атырау облысында жауын-шашынсыз, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 14 19, түнде 0 5.

Ақмола облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз 0 5, түнде -2-7.

Алматы облысында жауын-шашынсыз, күндіз Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 8 13, түнде -5-10.

Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Күндіз 11 16, түнде -2 3.

Қарағанды облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -2 3, түнде -8-13 (батысында -5).

«Алдағы тәулікте таулы өзендерде мұз қату құбылысының ары қарай әлсіреуі жалғасады. Республиканың батысындағы өзендерде ауа температурасының жоғаыр болуынан мұз жамылғысы қарқынды түрде әлсірейді, су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деп ескертті синоптиктер.

 

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді