Батыс өңірлерде вакциналау қарқыны төмен
Халықты вакцинамен қамтудың ең төмен көрсеткіші Маңғыстау облысында – 23,6%, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 39%-дан байқалады.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне, орталық мемлекеттік органдарға денсаулық сақтау жүйесінің ресурстарын жұмылдыру, оның ішінде резервтік төсек-орындарды, дәрі-дәрмектерді, жеке қорғаныш құралдарын, медициналық жабдықтар мен кадрларды қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдауды тапсырды.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жұмысына ерекше назар аудару керек.
Премьер-Министр өңірлердің әкімдіктеріне, әсіресе Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды.