Батыс Қазақстанда жолдар жабылды

Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты республикалық жолда қозғалысқа шектеу қойылды.

Алматы, NEGE. «Қазавтожол» ЖШС БҚО филиалының мәліметі бойынша бүгін жергілікті сағат 09.00-ден бастап республикалық маңызы бар Орал-Тасқала-РФ шекарасы (76-104 км, Тасқала ауылынан Ресей шекарасына дейін) жолы барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Осы маңда күшті жел көтеріліп, боран соғып тұр, соның кесірінен жолдың көрінуі нашарлаған.

Кеше «Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес 10 ақпан күні облыстың батысы, солтүстігі және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын көтерілетіні жөнінде БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялаған болатын. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Оралда да күн бұзылып тұр.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да мектеп автобусымен болған жол апаты: 24 бала ауруханаға жеткізілген

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты