2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Батыс Қазақстанда вирустан 36 адам жазылып шықты

Батыс Қазақстан облысында тағы бес адам коронавирустан емделіп, үйлеріне оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, олардың үшеуі – Тасқала ауданының, екеуі – Орал қаласының тұрғыны. «Бақылау сынамалары олардың коронавирустан жазылып шыққандығын көрсетті. Жағдайлары қалыпты. Ауруханада жатқан қалған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, орташа халдегілер де бар», - деді Н.Ахметова.

Осылайша Батыс Қазақстанда емделіп шыққандар саны 36-ға жетті. Облыста бірден 17 адамның жазылып шыққан.