Батыс Қазақстанда 400 тонна шөп өртеніп кетті

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылдық округінде жинаулы тұрған 400 тонна шөп өртенді. Өрт 12 сағатта сөндірілді.

Алматы, NEGE. Өрт 13 шілде сағат 19:00 шамасында шөп жинау кезінде басталған. Екі мыңға жуық шөп орамы өртенді.

Өрттің шығуына не себеп болғаны анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті БҚО төтенше жағдай департаментінің 8 қызметкері мен ерікті өрт сөндіру құрамасының 8 адамы сөндірді.

Өрт 14 шілде таңертең ауыздықталды.

Қазір оқып жатыр

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?

Астанадағы LRT алдағы демалыс күндері іске қосылады

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: тергеу аяқталды

Алматы облысында терроризм туралы жалған хабарламалар тартқан екі оқушы ұсталды